Текст
Бүгін біз білім мен ізденістің, жаңашыл ой мен логиканың тоғысқан ерекше кезеңін — «Жаратылыстану ғылымдар әлемі» онкүндігін ашып отырмыз.
Математика — ойдың дәлдігі мен тәртіптің негізі,
Информатика — заманауи технология мен болашақтың кілті,
Физика — табиғат заңдылықтарын танудың алтын арқауы.
Бұл онкүндік — білімді тереңдетіп, ғылымға деген қызығушылықты арттыратын, шығармашылық пен зерттеуге жол ашатын маңызды мүмкіндік. Алдағы күндері әрбір оқушы өз қабілетін танытып, жаңа жаңалықтарға қадам басады деп сенеміз.
Баршаңызға сәттілік, белсенділік және жарқын идеялар тілейміз!
Ғылым жолы — табысқа бастар даңғыл жол!