Текст
01.05.2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – татулық пен достықтың, өзара құрмет пен ынтымақтың белгісі.
Іс-шара барысында оқушылар әр түрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, ән айтып, би билеп, ұлттық дәстүрлерден көріністер көрсетті. Әр сынып өз өнерлерін ортаға салып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекенің басты мақсаты – жас ұрпаққа еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен бірліктің маңызын түсіндіру, патриоттық сезімдерін арттыру болды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.