Текст
14 наурыз – Көрісу күні, бұл – адамдар бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақ тілектер айтып қауышатын ерекше күн. Бұл күні үлкендерге сәлем беріп, жақындарға жылы лебіз білдіру – халқымыздың ежелгі дәстүрі. Көрісу күні адамдарды татулыққа, сыйластыққа және бірлікке шақырады.
Баршаңызға амандық, денсаулық, бақ-береке тілейміз! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!