Текст
13.04.2026
Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәнін түсіндіру және баспасөздің қоғамдағы рөлін насихаттау болды.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар балалар әдебиетінің маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері жайында пікір алмасты. Сонымен қатар газет-журналдардың ақпарат таратудағы орны, олардың адам өміріндегі маңызы туралы да әңгіме өрбіді.