Ақмола облысы білім басқармасының
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен
2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Көкшетау қаласы,
Абай атындағы дарынды балаларға арналған N°3 облыстық
мамандандырылған мектеп-интернатының базасында
8-11 сынып оқушылары арасында XXVII «Абай
оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының
облыстық кезеңі өтті.
«Абай оқулары» конкурсының негізгі мақсаты:
-қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу;
-мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушлықтарын арттыру.
Аталған конкурс 5 номинация бойынша өткізілді:
«Абайдың асыл мұрасы»
«Абайдың ақын шәкірттері»
«Әнді сүйсең менше сүй»
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
Бурабай ауданының намысы төрт номинация бойынша қорғалды. Соның ішінде мектебіміздің мақтаныштары жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
«Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Жүсіпбек Іңкәр – І орын;
«Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Темірхан Гүлім – І орын.
Ендігі Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттеріміз биік шыңдарды бағындыра берсін💐
Жетекшісі: Бақшагүл Табаракқызы